Павлодарлық жас суретшілер Мәскеуде бірінші орын алды
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәскеу қаласында жыл сайын өтетін «Шексіз балалық шақ» халықаралық фестиваліне балалар көркемсурет мектебінің 25 оқушысының «Золотая нить традиций», «Волшебная кисточка», «Подарок другу», «Ярмарка ремесел» номинациясы бойынша жұмыстары жіберілген.
– Оқушылардың жұмыстары әртүрлі техникада орындалды: кескіндеме, акварель, графика, сәндік-қолданбалы өнер. Негізінен балалар «Золотая нить традиций» номинациясы бойынша жұмыстарды орындады. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері туралы айтты: шимен тоқу, құрақ құрау және киізден жасалған коллаж. Кішкентай қатысушыларды «Волшебная кисточка» және «Подарок другу» номинациялары қызықтырды, – дейді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Инна Масленникова.
13 жастағы Ксения Шиповская – «Айсұлу» суреті үшін, 15 жастағы Дильназ Калиева – «Страсти по Ван Гогу» жұмысы үшін, Кацарская София – «Кеңес Одағының Батыры Рубен Руис Ибарурр» жұмысы үшін бірінші орынды алып, дипломдармен марапаттады. Олардың жетекшілері – Светлана Рейн, Шамиль Шушаев.
15 жастағы Аяна Аятова – «Бесікке салу дәстүрі», 13 жастағы Софья Чабанова – «Менің шеберханам», 15 жастағы Азиза Бауыржан – «Отбасылық наубайхана» суреттері үшін екінші орынды иеленді. Жетекшілері – Светлана Рейн, Александра Ловина-Самошкина.
Сондай-ақ сегіз жасар оқушылар Есения Червинская – «Коллекцияны толықтыру», Айлин Исабекова – «Мұқият есте сақтайық!», Айлин Серік – «Күн суретшісі», 10 жасар оқушылар Айханым Оралхан – «Көк аспан астында», Варвара Цыганко – «Әженің кілемі», 13 жастағы Софья Герасименко – «Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова», 14 жаста Илья Солоденко – «Буренка», Дарина Абдулкаюмова «Сәндік натюрморт» суреттері үшін үшінші орынды иеленді.
Жетекшілері – Татьяна Ахметжанова, Гүлнар Мұхаметқалина, Инна Масленникова, Наталья Решетова.