Павлодар облысының екі ауылында сумен жабдықтаушы жосықсыз қатысушы деп танылды

Павлодар облысының екі ауылында сумен жабдықтаушы жосықсыз қатысушы деп танылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі ауылда сумен жабдықтау желілерін салу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, «Ай-Су Мелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеткізген жабдықтың құны көтерілгені, сондай-ақ жалпы сомасы 79 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстарының сәйкес келмеуі анықталды.

Прокуратураның актісін орындауда Павлодар қаласының құрылыс бөлімі ЖШС-ге мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және көрсетілген соманы өндіріп алу туралы талап қойды. Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартты, – деп жазылған хабарламада. 

Облыс прокуратурасының өтінішхаты және бас прокурордың кассациялық наразылығын қарау нәтижелері бойынша жоғарғы сот серіктестіктен 79 млн теңге өндіріп алу және оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешім шығарды.