Павлодарда орталық жағажайда балаларға арналған бассейн салынады

Павлодарда орталық жағажайда балаларға арналған бассейн салынады

Орталық және Усолка ауданындағы жағажайды жазғы маусымға дайындауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Арман Құсайынов мәлім етті. 

– Жағажайды жазғы маусымға дайындау барысында ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі ескерілді. Өңірімізде адамдардың суға көп кетуіне байланысты кішкентай  балалар үшін жағалауда бассейн салынбақ. Сондай-ақ, 8 су ішетін бұрқақ, 4 жаңа жуынатын орын, 3 күнқағар, 300-ден астам шезлонг, 7 жаңа киім аустыратын орын, 2 әткеншек қойылмақ, – дейді Арман Құсайынов.

Оның айтуынша, Усолка шағын ауданына қосымша жабдықтар салынбақ. Екі жағажайға да құтқару мұнаралары орнатылады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға суға түсу үшін арнайы арба, 19 құтқару жилеті, дауыс зорайтқыш беріледі.

Биылғы жазғы жағажай мусымына 155 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен тәртіптің сақталуы үшін 14 бейнебақылау камерасы орнатылады.