Павлодарлық оқушылар өз отбасыларын ақ қағазда бейнеледі
Отбасы күніне арналған «Шабыттан шығармашылыққа» атты қалалық байқаудың қорытындысы бойынша көрме ашылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Байқау Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өткізілді. Оған № 33, 25, 29, 21, 35, Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, А. Бөкейхан атындағы лицей-мектеп, А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің 60-қа жуық оқушысы қатысты.
Оқушыларға «Отбасым - алтын бесігім», «Отбасым - тірегім», «Отбасымен бірге», «Отбасы академиясы», «Отбасы шеңбері», «Отбасы болу бұл - ғылым», «Бақытты отбасы» тақырыптары ұсынылды.
Жұмыс қорытындысы 6-11 жас және 12-18 жас аралығында үш номинация бойынша шығарылды.
- Бұл керемет мереке. Отбасы күні балалардың бойында жағымды эмоциялар тудырды және олар ата-аналарымен бірге берілген тақырыптар бойынша өнермен айналысуда белсендік танытты. Алим Ахметдоллаев өз отбасын сәндік үй түрінде салған, ал № 35 ЖОМ оқушысы Аңсар Смағұл отбасылық мұраны «Қобдиша» түрінде бейнелеген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектептің оқушысы, сегіз жасар София Скрипник кестеде орындалған «Бақытты отбасы» әдемі суретін салды, - дейді қазылар алқасының мүшесі, мектеп педагогі Инна Масленникова.
«Сурет» номинациясы бойынша жүлделі орындарды А.Байтұрсынұлы атындағы, № 25, 33 (2), Б. Момышұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы 6 қатысушы иеленді. А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы, 8 жастағы София Скрипник гуашьпен орындаған «Менің отбасым» жұмысы және № 33 мектептің оқушысы, 12 жастағы Варвара Дегтяерва кестемен орындалған «Дастархан басында» жұмысы үшін I орынды иеленді.
«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша жүлделі орындарды А.Байтұрсынұлы атындағы, № 33, А. Бөкейхан атындағы, № 35 (2), Б. Момышұлы атындағы ЖОМ алты қатысушысы иеленді. А.Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушысы, 8 жастағы Владимир Виниченко, «Аппликация» техникасында орындалған «Серуен» жұмысы үшін және Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы, 14 жастағы Аяна Исабай киіз басу техникасында орындаған «Отбасы» жұмысы үшін І орынды иеленді.