Павлодарлық оқушы облыстық чемпионатта үздік атанды

Павлодарлық оқушы облыстық чемпионатта үздік атанды
Фото: Константин Шелков

Бұл байқауға 500-ден астам биші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Мунира Жакупова 500-ден астам бишінің қатысуымен өткен спорттық би бойынша облыстық ашық чемпионатта өнер көрсетті. Бұл турнирде жас биші жеңімпаз атанды. 

Ол өзінің спорттық мансабын бірінші сыныптан мектептегі би үйірмесіне қатысудан бастады. Жеті жасынан бастап гимнастикамен айналысады. Қазір хип-хоп биін үйренуде. Бүгінде  «Classic» клубында спорттық-бал билерімен айналысады.

Мунира Жакупова 1,5 жыл ішінде облыстық, республикалық турнирлерде жақсы нәтижелерге қол жеткізген. 

Сонымен қатар, Мунира Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде бірінші курста үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің саксофон сыныбында оқиды. Әрі вокалдан да сабақ алады.