Павлодарда полиция полковнигін еске алуға арналған мемориалды тақта ашылды

Павлодарда полиция полковнигін еске алуға арналған мемориалды тақта ашылды

Полиция департаменті тергеу басқармасы ғимаратының жанында КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, полиция полковнигі Мұстафин Бекайдар Жүнісұлын еске алатын мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Салтанатты шараға Павлодар облысы ардагерлер кеңесі мен Ұлттық ұланның төрағасы Бақберді Абраев, департамент басшылығы, туыстары, тергеуші әріптестері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. 

Еске алу мемориалдық тақтасын ашу құрметті құқығы полиция полковнигі Рашад Өтеуов пен тергеу қызметінің ардагері, отставкадағы полковник Ертоғай Әбікеевке берілді.

–  Әдептілік, терең білім, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті, өз кәсібіне деген адалдық – полковник Мұстафиннің басты белгілері. Ол қылмысқа қарсы іс-қимылға айтарлықтай үлес қосты және тергеушілерді жедел шеберлікке үйретумен тынымсыз айналысты. Тергеу бөлімшелерінің кадрларына үлкен қамқорлық көрсетті. Ол басқарған бөлімше республика бойынша үздіктер қатарында болды, – деп ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев полиция полковнигін ерекше ықыласпен еске алды.

Бұдан әрі полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов,   тергеу ардагері әріптесін, мұғалім-тәлімгерді еске алды. Қатысушыларға Бекайдар Мұтсафинның қызы Ажар Бекайдарқызының хаты оқылды. 

Бекайдар Мұстафин 1945 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген, мектепті бітіргеннен кейін Алматы заң институтына оқуға түскен. Ішкі істер органдарында қызметін 1957 жылы бастаған. Әр жылдары Целинный өлкесі ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы, аға тергеушісі болып жұмыс істеді. 1972-1985 жылдары Павлодар облысы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы болды. 

Құқық қорғау органдарында қызмет еткен 35 жыл ішінде тергеу жұмысын ұйымдастыруда көрсеткен бастамасы, аса ірі көлемде ұрлау туралы бірқатар қылмыстық істерді нәтижелі тергегені үшін ІІБ, Қазақ КСР ІІМ және КСРО ІІМ басшылығы оны бірнеше рет көтермелеген. «Мінсіз қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «ІІМ еңбек сіңірген  қызметкері» төсбелгісімен, ІІМ және ІІБ Құрмет грамоталарымен марапатталған.  

Полковник Мұстафиннің жүрегі 1997 жылдың қыркүйегінде ұзаққа созылған аурудың салдарынан тоқтап қалды.