Павлодарда көпқабатты үйдің құлаған қасбеті тұрғындардың есебінен жөнделеді
Бұл жұмыстарға мақсатты қаражат жинау мәселесін жалпы жиналыста шешу жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Астана көшесі, 7/2 мекенжайы бойынша орналасқан биік үйдің жанында жатқан кірпіштің видеосы әлеуметтік желіде тарады. «Үйдің бұрышы құлады, әйел адамды жарақаттай жаздады. Кірпіш құлап жатыр. Лентамен қоршалмаған» деп жазылған хабарламада.
Павлодар әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімі бұл үйді тексергенін хабарлады.
Зерттеу қасбеттің қаптамасы ішінара тоғызыншы қабат деңгейінде жылжығынын көрсетті. Алайда, бұл жағдай үйдің тірек құрылымдарының тұрақтылығына әсер етпейді, өйткені қаптау оның сәндік бөлігі болып табылады.
- Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, қасбет кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып табылады, – деді қала әкімдігінде. – Осыған байланысты көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін қажетті жөндеуді КПТҮ-ге қызмет көрсететін ұйым үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен бірлесіп, тұрғындардың нысаналы қаражаты немесе жинақ шотындағы қаражат есебінен жүргізуі тиіс.
12 сәуірде тұрғындар жиналысын өткізу жоспарлануда, онда қасбетті жөндеуге мақсатты қаражат жинау мәселесі қаралады.
Бұл үй шамамен 40 жыл бұрын салынған.
Скриншот @vseobovsem_pvl