Павлодар облысында балық аулауға, артемия жинауға тыйым салынады

Павлодар облысында балық аулауға, артемия жинауға тыйым салынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде «Уылдырық шашу» балықтарды қорғау акциясы өткізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің «Зайсан-Ертіс» аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше,  облыс аумағында келесі мерзімдерде балық аулауға, сондай-ақ артемия цисталарын жинауға және дайындауға тыйым салынады:

15 сәуірден 30 мамырға дейін облыстың дала, тұщы су қоймаларында, Ертіс өзенінде және оның жайылма су қоймаларында, Шығыс Қазақстан облысымен әкімшілік шекарасынан бастап, Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейін.

15 сәуірден 30 мамырға дейін балық шаруашылығына бекітілген учаскелерде шортан, алабұға, тұқы, аққайран, ақтабан секілді балықтарды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудан басқа жағдайларда Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың бүкіл ұзындығында, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда.

1 наурыздан 15 маусымға дейін Павлодар облысының тұзды су қоймаларында артемия цисталарын жинау және дайындауға.