Павлодарда құтқарушылар батып бара жатқан адамды құтқарды
Ер адам мас күйде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде 1987 жылы туған суға батып бара жатқан ер адам табылды, ол абайсызда қайықтан құлады.
– Құтқарушылар тез арада қайықпен жетіп, ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған. Үстінде құтқару жилеті болғанымен, белдіктері бекітілмегені анықталды, – делінген хабарламада.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.