Павлодарда премиум санатындағы қонақ үй салынады
Өңір басшысы құрылысты жоспарлап отырған инвестормен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов пен «ALAZAR GROUP» ЖШС өкілі Руслан Шаекин Павлодар қаласында «Novotel» қонақ үйін салу жобасын талқылады.
– Қонақ үйлер туризм индустриясының ажырамас бөлігі болып табылады. Павлодар қаласына келетін қонақтар мен туристер саны жыл сайын артып келеді, сондықтан, сіздің жобаңыз біздің өңір үшін маңызды. Биылғы жылы - бұл туризм мен қонақ үй секторын дамыту саласындағы алғашқы жоба, – деп атап өтті өңір басшысы.
Инвестор 120 бөлмелі қонақ үй салуды жоспарлауда. Тараптар жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, жаңа жобаға қатысты сұрақтарды талқылады.
Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға аталмыш жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуді тапсырды.