Итальян мұғалімі: Павлодар - мейірімді адамдарға толы, әдемі қала
Пауло Капут шетелдік ұстаз ретінде ИНЕУ-де жұмысып жатқанына үш ай болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол қаңтар айында академиялық ұтқырлық бойынша бизнес жобалар менеджері қызметіне келді.
Аталмыш университет итальян мұғаліміне қазақ халқының салт-дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі туралы, мәдениетін тереңінен түсінуі үшін бағдарлама құрды. Итальяндықтардың мәдениеті қазақ мәдениетінен өзгеше.
– Итальян мәдениеті өнер мен сәулет өнеріне байланысты. Ал қазақ халқының мәдениеті халықпен ұштасады. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері бар, бірақ қазақ халқында итальяндықтар сияқты бөлініс жоқ.
Оның айтуынша, Павлодар –мейірімді адамдарға толы әдемі қала. Шетел азаматы қаланың тарихымен де танысты.
– Мені қазақ халқының мәдениеті қызықтырды. Университте ұлттық тағамдарыңыздан дәм таттым. Павлодар тұрғындары Астана адамдарына ұқсамайды, – деп атап өтті спикер.
Еуропа адамдары Қазақстанға келгенде қазақ халқының қонақжайлығына, ауызбіршілігіне, қарым-қатынастарына таң қалады. Себебі, айырмашылықтар бар.
– Еуропада халық өз бетінше өмір сүреді. Тек мейрамдарда ғана жиналамыз. Тарихқа шолу жасасаңыз, бізде өзара ішкі бөлініс бар, – дейді Пауло Капут.
Спикердің сөзінше, Итальяда бай адамдар қаланың төменгі жағында кедей халық тұрады. Ал үстіңгі жағында бай, ауқатты тұрғындар өмір сүреді.
Сондай-ақ, ИНЕУ мұғалімі қазақ халқының мейірімділігіне тәнті болып, бөліністің жоқ екеніне ерекше қуанды. Бұдан бөлек, қала тұрғындары Паулоны түсінуге талпынып, аударма арқылы ағылшынша сөйлесуге тырысады. Ешбір қиындықсыз ауруханаға, кітапханаға, іс-шараларға, дүкенге басқа да қоғамдық орындарға бара алады. Паулоның айтуынша, осы күнге дейін адамдардан «жоқ, білмеймін» деген жауапты естімеген.