Павлодар облысында Шідерті лиманды суару жүйесіндегі бөгет нығайтылды

Қазіргі уақытта ГТС 49–53 учаскесінде бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы егіншілікті дамыту мақсатында «ҚазСуШар» РМК Павлодар облыстық филиалы Шідерті лиманды суару жүйесінде жоспарлы жөндеу және күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 500 метрден астам бөгетті нығайтты.
Гидротехникалық құрылыстардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ суару жүйесін келесі вегетациялық кезеңге дайындау мақсатындағы жұмыстар 5 тамыздан бері қолға алынған.
Қазіргі таңда кәсіпорын мамандары №2, 3, 3а, 4, 7, 9, 11, 13, 14, 16, 19, 21, 22, 23, 28 және 29 су шығару құрылыстарын, сондай-ақ сегіз қосымша нысанды тазалап шықты. Бұдан бөлек, ұзындығы 65 метр болатын бөгет салынды, ал тағы 80 метрлік арна учаскесінде механикаландырылған тазалау жұмыстары атқарылды.
Филиал қызметкерлері ГТС 30–37 учаскелерінде 379 метр бөгетті нығайтқан (жоспар – 256 метр), сондай-ақ ГТС 37–46 учаскелерінде ұзындығы 123 метр жаңа бөгет тұрғызылған. Екі ай ішінде ұзындығы 1200 метр су шығару құрылысы тазартылып, бұл жоспардағы 862 метрден асыра орындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар ГТС 46–49 учаскесінде 325 метр бөгет жабдықталып, нығайтылған.
– Қазіргі уақытта ГТС 49–53 учаскесінде бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде еңіс бөліктерін бут тастан қалау арқылы бекіту жоспарланған. Жұмыс процесіне тоғыз бірлік арнайы техника тартылды, – деп хабарлады «ҚазСуШар» РМК Павлодар облыстық филиалының өкілдері.
Жұмысқа тартылған техника құрамында бульдозер, екі фронтальді тиегіш, шынжыр табанды және дөңгелекті экскаваторлар, трал, КамАЗ-манипулятор, «Ловол» тракторы және «Газель» автокөлігі бар.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыстар гидротехникалық құрылыстардың сенімділігін арттырып, арналардың өткізу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған. Аталған шаралар алдағы ауыл шаруашылығы маусымдарында суару жүйесінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді