Павлодарда сенбілік өткізілмейді

Павлодарда сенбілік өткізілмейді
Фото:pixabay.com

Тазалық іс-шарасы ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі аптаға ауыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 13 сәуірге жоспарланған сенбілік өткізілмейді. Синоптиктердің болжамы бойынша сол күні жауын-шашын күтіледі, сондықтан сенбілік келесі аптаға ауыстырылды. 

Ал Усолка шағын ауданындағы «Таза өлке» экологиялық сенбілігі 27 сәуірде өткізіледі.