«Ertis Promenade» сахнасының артында қосылған электр сымдары өртенді

«Ertis Promenade» сахнасының артында қосылған электр сымдары өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жану салдарынан демалыс күндерге жоспарланған іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

23 тамызда сағат 10:56-да Орталық жағалаудағы «Ertis Promenade» сахнасының артындағы электрқалқанда жану орын алғаны туралы хабарлама келді. Мекенжайға жедел келген өрт сөндірушілер 0,1 шаршы метр алаңда электр сымдарының жануын тоқтатты.

–   Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында оттың қалқаннан тыс жерге таралуына жол берілмеді, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл ретте техникалық жұмыстарға байланысты «Ertis Promenade» сахнасындағы бүгінгі және ертеңгі іс-шаралар тоқтатылды.