Екібастұзда жолдың кейбір учаскелері уақытша жабылады

Екібастұзда жолдың кейбір учаскелері уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Наурыз мейрамына байланысты маршруттардың қозғалысы өзгертілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыз күні сағат 16:00-17:30 аралығында Мәшһүр Жүсіп көшесі Әуезов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін жабылады. Осығай орай № 6, 7, 9, 22 автобус маршруттары қозғалысын М.Жүсіп-Торайғыров-Б.Момышұлы-Әуезов көшесінің бойымен және әрі қарай бағыт бойынша жүзеге асырады.