Павлодарда жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге тек жекеменшік компаниялар ғана емес, мемлекеттік мекемелер де қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жанындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, дәстүрлі шарада қатысушылар жұмысқа орналасуға қатысты барлық сұрақтарға жауап ала алады.
- Жастардың бос орындарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысының әкімдігі, "Amadeus" ЖШС, "Павлодарэнерго" АҚ, "Altair" ЖШС, "СПиАСР" ММ, "Ait it company" ЖШС, "ҚЭЗ" АҚ, "Кутуба" ЖШС және басқа да ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар ұсынады. Сонымен қатар, аймақтағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелері, коммерциялық ұйымдары да қатысады, - делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 13 сәуір күні, Ломов көшесі, 38 мекен-жайында өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (7182) 66-12-52, 66-12-43, 8 776 815 11 98.