Павлодарда құмнан қамал тұрғызу байқауы өтеді

Командаларға кездейсоқ тақырып беріліп, бір жарым сағат ішінде өз идеяларын жүзеге асыру қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 16:30-да орталық жағалауда ерекше жазғы байқау – «QŪM BATTLE» ұйымдастырылады. Іс-шараның авторы – «Zhastar VДЕЛЕ» жобасы.
– Байқау аясында қатысушылар құмнан қамал тұрғызу бойынша сайысады. Бұл — шығармашылықты, командалық рухты және жазғы көңіл-күйді ұштастыратын бірегей іс-шара. Қатысушыларға шығармашылық тақырып (ортағасырлық қамалдардан бастап қиял әлемдеріне дейін), 2–4 адамнан тұратын командалар және 60–90 минут уақыт беріледі, – делінген хабарламада.
Қатысу тегін, бірақ командалар саны шектеулі.
Тіркелу үшін +7 (706) 427-95-62 WhatsApp нөміріне хабарласу қажет.