Ақсуда мектеп пен аурухана күрделі жөндеуден өтуде

Металлургтер қаласының әкімі Болатбек Шәріпов қаланы аралау аясында қос нысанды аралап, күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ы. Алтынсарин атындағы мектепте үшінші және төртінші қабаттарда еден плиткаларын төсеу аяқталды, ал бірінші және екінші қабаттарда төсеу жұмыстары жалғасуда. Қасбеттік плиткаларды монтаждау жүргізілуде, спорт алаңын бетондауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, қоршау бағаналары орнатылуда.
– Кабинеттерде, асханада және жертөледе сырлау жұмыстары жалғасуда, есік блоктарын орнату және құбырларды сырлау жұмыстары атқарылуда. Нысанда барлығы 61 маман жұмыс істеуде, – дейді Ақсу қаласының әкімі.
Қалалық емхана аумағында жабық өткел құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда монолитті арқалыққа арналған қалыптарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 14 маман жұмыс істеуде.