Павлодарда түрмеге телефон өткізбек болған келіншек сотта жауап бермек
Ол ұялы телефонды колониядағы жолдасына апармақ болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, №-44 (ең төменгі қауіпсіздік) мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының әйелі кездесуге ұялы телефон алып өтпек болған.
– Тексеруден өтпес бұрын оған тыйым салынған заттарды алып жүру жауапкершілігі туралы жазбаша ескерту жасалған. Алайда оның жеке заттарын тексеру кезінде қалтасының төменгі бөлігінен ұялы SIM картасы бар телефон табылды. Тыйым салынған заттарды алып жүру фактілерінің алдын алу мақсатында сотталғандармен және олардың туыстарымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп тұратындығына қарамастан, мұндай заттарды әдейі алып жүру фактілері жалғасуда, – дейді мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.
Аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкішілік хаттама толтырылып, материал Павлодар қаласының әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жолданды.