Павлодарда екі автобустың жүру бағыты өзгерді
Оған Радиозавод және Достық шағын аудандары тұрғындарының өтініштері себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, №18, 27 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді.
- Радиозавод және Достық шағын аудандары тұрғындарының өтініштеріне байланысты 7 қарашадан бастап № 18 және № 27 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілетін болады. Мәселен, №18 автобус бағыты қысқы кезеңде "Автокомплекс" аялдамасына дейін ұзартылады. Маршруттың қозғалыс сызбасы жазғы кезеңде қолданылған сызбаға ұқсас болады, - делінген хабарламада.
Ал №27 автобус бағыты қысқы кезеңде "ДЭУ " аялдамасына дейін ұзартылады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп, солға Радищев көшесіне бұрылады, одан әрі ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне оңға бұрылады, содан кейін Қаз.Правда көшесіне оңға бұрылады, және солға қарай Н.Назарбаев даңғылына түседі. Сол сияқты кері бағытта.