Павлодарда жол учаскесі жабылады

Павлодарда жол учаскесі жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 19 маусым сағат 8:00-ден 20 маусым сағат 20:00-ге дейін Луговая көшесі Лермонтов көшесінен Айманов көшесіне дейін жабылады.

«109» қызметі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру маршрутын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.