Павлодарда мәдениет сарайы жұмысын қайта бастайды
Мекеме көрермендерді, шығармашылық ұжымдарды және қонақтарды қабылдауға толық дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– 30 қазаннан бастап Естай атындағы Мәдениет сарайы сүйікті көрермендеріне, шығармашылық ұжымдарға және қадірлі қонақтарына өз есігін айқара ашады. Барлық мәдени шаралар мен репетициялар бұрынғы қалыпты тәртіпте өтетін болады, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ғимарат коммуналдық ақауларға байланысты уақытша жабылған болатын.