Павлодарда бірқатар нысандарда ыстық су уақытша болмайды

Павлодарда бірқатар нысандарда ыстық су уақытша болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары бір айға созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарские тепловые сети» ЖШС мәліметінше, 12 маусымнан бастап Бектұров көшесі бойындағы ұзындығы 300 метр жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады:

  • Ак. Бектұров көшесі, 58 (ПМИТК Айсберг, «Некрасова», «Хорсеева» ЖК), 60 («Казахтелеком» АҚ);
  • Жеңіс алаңы, 5/1 («Astana Teren-KZ» ЖШС, «Бобровский» ЖК), 5/8, 5А (облыстық мемлекеттік кірістер департаменті), 5Б (облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы), 5В (Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі).

Күрделі жөндеу жұмыстары 12 шілдеде аяқталып, ыстық су беру қайта іске қосылады деп жоспарлануда.