Павлодарда екі тәулікке жол учаскесі жабылады

Павлодарда екі тәулікке жол учаскесі жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 8:00-ден 20 сәуір 8:00-ге дейін Шевченко көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі Қамзин көшесі учаскесі жабылады.

20 сәуірде сағат 08:00-ден 21 сәуір 08:00-ге дейін Толстой көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі Қамзин көшесі учаскесі жабылады (Циолковский – Камзин қиылысын қоса алғанда).

Бөлім қала тұрғындарынан кешірім сұрап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.