Павлодарда Усолка өзенінен ер адамның денесі табылды
Қайтыс болған адамның жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
3 маусым күні Усолка шағын ауданындағы Усолка өзенінен адамның денесі табылғаны туралы 112 пультіне куәгерлерден хабар түсті.
– Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетіп, судан ер адамның денесін алып шықты. Кейін марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.