Ақсу қаласында телефон ұрлаған «балықшы» ұсталды

Ақсу қаласында телефон ұрлаған «балықшы» ұсталды
pexels.com

Оқиға Сарышығанақ ауылында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, телефонын жоғалтқан азамат оны өз бетінше таба алмағаннан кейін тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

- Мен Ақсу қаласына қарасты Сарышығанақ ауылында балық аулауға өзен жағасына бардым. Түнде қасыма бейтаныс жастар келді. Олар да балық аулады. Солардың біреуі менің ұялы телефонымды ұрлап кетті. Түн болғандықтан мен олардың жүздерін есіме сақтай алмадым. Нәтижесіз іздеуден кейін полицияның көмегіне жүгінуді шештім, - дейді зардап шегуші.

Павлодарлықтың шамығынан кейін Ақсу қаласының полиция қызметкерлері криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Арман Рахметов, жедел уәкіл Бақытбек Байманқұлов және аға тергеуші Дәулет Мусинов іске жедел кірісіп, телефонды иесіне қайтарып берген.