Түтін шықты: Павлодарлық балабақшада шамның қысқа тұйықталуы орын алды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қыркүйекте сағат 11:05-те №10 балабақшадан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ойын бөлмесінде 0,5 шаршы метр алаңдағы флуоресцентті шамның қысқа тұйықталуы орын алды. Балабақша жұмыскерлері өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін өрттің алдын алды, – деді облыстық баспасөз қызметінде.
Балалар мен тәрбиешілерді апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері тексерді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 27 қызметкері және алты техника жұмылдырылды.