Павлодарда жалынды өрт сүт кәсіпорнының қоймасын шарпыды

Нысан үлкен аумақта өртеніп кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
5 шілде күні таңертең сағат 5:34-те «112» пультіне Космонавтов көшесіндегі «Молком-Павлодар» ЖШС аумағында екі қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешені жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде от тарап кеткен болатын. Сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен күрделендірілді. Сондай-ақ, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті, – деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде.
Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.
Оқиға орнындағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері: өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары, «103» және «102» қызметтері жедел әрекет етті. Ол жерде қала әкімі Хасар Хабылбеков та болды.
Өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимаратқа таралуына жол бермеді. Өртті сөндіру барысында тиімді өрт сөндіргіштер-су және ауа-механикалық көбік қолданылды. Облыстық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Дамир Әбілқайыровтың айтуынша, іс-қимылдардың жеделдігі мен үйлесімділігінің арқасында өрт шамамен 1500 шаршы метр алаңында сағат 08:22-де толығымен сөндірілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.