Павлодарлық өрт сөндірушілер Абай облысындағы тілсіз жауды ауыздықтауға аттанды
Мұнда орман алқабындағы өрттің шыққанына бірнеше күн болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Төтенше жағдайлар министрлігінің өкіміне сәйкес Павлодар облысынан Абай облысында орман өрттерін жою үшін 6 бірлік техника және 20 жеке құрам жіберілді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамыр күні таңертең Алтай өлкесінде құрғақ шөп өртеніп, жалын Абай облысының "Семей орманы" аумағына тарады.