Павлодарда жастарға жеңілдікпен шағын несие беру үшін өтініштер қабылданады
Қатысушылардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2023 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15.00-де жастарға 2,5% жеңілдікпен шағын несие беру шеңберінде үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтеді.
– Комиссияның қарауына өтінім берген және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ қорытындысын алған үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша келіп, комиссия алдында өздерінің бизнес-жобаларын қорғауға дайын болуы қажет. Комиссия отырысына микрокредит алуға өтінім берген үміткердің өзі қатысуы тиіс. Өтініш берушінің орнына өзге адамның қатысуына жол берілмейді, – дейді басқармада.
Қосымша ақпарат алу үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі телефон арқылы хабарласу қажет: 8(7182) 32 44 40, 32 44 80.
Конкурстық комиссияның отырысы Жеңіс алаңы, 5б көшесі мекенжайы бойынша бірінші қабатта орналасқан мәжіліс залында өтеді.