«Қазақстан Алюминийі» АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп береді
Жария есеп 24 шілдеде сағат 11:00-де өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Есеп барысында кәсіпорынның жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қызметінің нәтижелері таныстырылады. Атап айтқанда, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау, бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуы туралы ақпарат ұсынылады.
Жария есеп 2026 жылғы 24 шілдеде сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Шығыс өнеркәсіптік аймағы, 60/1 құрылысы мекенжайында орналасқан «Қазақстан Алюминийі» АҚ зауыт басқармасының ғимаратындағы мәжіліс залында өтеді.
Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта да көрсетіледі. Конференция идентификаторы – 84812417352, қосылу коды – 118879.
Кәсіпорында өткізу режимі қолданылатындықтан, іс-шараға тікелей қатысуды жоспарлаған азаматтардан алдын ала қатысушылар тізімін қалыптастыру 23 шілде сағат 14:00-ге дейін 8 (7182) 37-02-23 телефоны арқылы хабарласу сұралады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтің түрі – жылу энергиясын өндіру. Қосымша ақпаратты 8 (7182) 37-02-23 телефоны арқылы алуға болады.