Павлодарлық зауыт климаттық ерекшелікке сай жол битумын шығаруға көшеді

Павлодарлық зауыт климаттық ерекшелікке сай жол битумын шығаруға көшеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зауыт қараша айынан бастап өңірлердің ауа райы жағдайына байланысты битум түрлерін өндіруге кіріседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мәліметінше, кәсіпорын ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап әртүрлі климаттық аймақтар үшін битум шығаруға көшеді. Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы, ал оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумы өндіріледі.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Н.М. Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының сапасын арттыру жөніндегі республикалық семинар-кеңес хаттамасының тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Жаңа талаптарға сай келмейтіндіктен, бұрын шығарылған БНД 100/130 жол битумын өндіру тоқтатылады.

Жаңа стандарты өнімдер жол төсеніштерінің беріктігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.