Павлодарда жылуға жарымаған білім беру нысандары тексерілді
Қала әкімі Хасар Хабылбеков жылуға қатысты шағым түскен бірқатар білім беру нысандарына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Желтоқсан айындағы аязды күндері қаланың кейбір мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде төменгі жылу көрсеткіштері тіркелді. Мәселен, № 6, 18, 21, 26 орта мектептерінде, К.Мақпалеев атындағы мектепте және № 24, 112, 126 балабақшаларда температура жылу кестесіне сәйкес келмеген.
– Біз параметрлерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргіздік. Бүгінде барлық мектептер мен балабақшаларда температуралық режим қалыпты деңгейде, – деп жазды Хасар Хабылбеков Іnstagram парақшасында.
Шаһар басшысы жылуға қатысты мәселе жеке бақылауында екенін мәлім етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram