МӘМС: Павлодар облысында 7000-ға жуық қызметкердің мәртебесі қалпына келтірілді
Биыл білім беру саласының қызметкерлерімен ұзақ мерзімді демалыстағы қызметкерлерге төлемақы және аударымдарды төлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы «Азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетов мәлім етті.
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының 2023 жылы ұзақ мерзімді еңбек демалысына кеткен 6 943 қызметкерінің міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі жоғалған мәртебесін қалпына келтірді. Сондай-ақ, қор филиалы білім беру ұйымдарына 2024 жылы міндетті медициналық сақтандыру төлемі туралы түсіндірме хаттар жолдады, – деді Жангелді Шайымбетов.
Филиал директорының айтуынша, қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына қайта кездесулер ұйымдастырылуда, көлік қызметі қызметкерлерімен және жеткізу қызметтерімен түсіндіру жұмыстары аясында жұмыстар жүргізілуде.
Сақтандырылмайтын азаматтардың тізімдеріне міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналарды және аударымдарды уақтылы төлемейтін жеке кәсіпкерлер кіреді.
Қор филиалы мемлекеттік кірістер департаментіне қолданыстағы заңнамада көзделген шараларды қабылдау, сондай-ақ салық төлеушілермен бірлескен кездесулер өткізуде ынтымақтастық орнату туралы бірнеше рет хат жолдаған.
– Міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар бойынша мерзімі өткен берешектердің болуы аталған санаттағы тұлғалардың міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға жүгіну мүмкіндігінен айырылғанын көрсетеді. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды төлеу жүйелілігіне қатысты заңнаманы сақтауы мәселесіне қатысуы қажет, – деді Жангелді Шайымбетов.
Облыс әкімі Асайын Байханов бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді, тұрғылықты мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу бойынша жұмысты 5 шілдеге дейін жүргізуді тапсырды.