Павлодарда жоғалған әжей әлі табылған жоқ

Павлодарда жоғалған әжей әлі табылған жоқ
Фото: Константин Шелков

Ол 1 желтоқсан күні үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Vita» ұйымының волонтерлері әйел адамды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ол таңғы жетілер шамасында Майра көшесі, 43-үйден шыққаннан кейін көзден ғайып болды. 

Оның белгілері: бойы – 150-155 см, дене бітімі – арықша, шашы – қара, қысқа. Үйден шыққан кезде үстінде ұзын сұр түсті күртеше, сұр бас киік, қара былғары етік, қолында қара түсті сөмкесі болған. Болжам бойынша, әйел адам бағыт-бағдардан айырылған күйінде болуы мүмкін.

– Әйелдің жүрген бағытын анықтау үшін бейнебақылау камералары мұқият қаралуда. Соңғы деректерге сәйкес, ол Усолка жағынан Суворов зиратына дейін жеткен. Одан кейін не болғаны белгісіз, – дейді «Vita» іздестіру отрядының еріктілері.

Қазір полиция қызметкерлері, еріктілер және туыстары ауданға барынша шарлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды сұрап, хабарландырулар іліп, қараусыз қалған орындарды тексеруде.

Еріктілер қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырады. Қандай да ақпарат білсеңіз, арнайы байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады. Телефон нөмірлер: 8 (747) 615-55-63 – Екатерина немесе 8 (777) 334-82-01 – Светлана.