Құндыз пальто, шотланд вискиі: Павлодарда сүйіктісін тонаған ер адам ұсталды

Құндыз пальто, шотланд вискиі: Павлодарда сүйіктісін тонаған ер адам ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Залал сомасы бір миллион теңгеден асты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдікті ретінде 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ер адамның бұрын әйел адаммен бірге тұрғаны және оның пәтерінің  кілттері болғандығы анықталды. 

– Бір күні ол бұрынғы сүйіктісі  жұмыста екеніне көз жеткізіп, пәтерге кірген. Құндыз пальтосы мен екі жұп алтын сырғасын ұрлаған, алтындарын ломбардқа тапсырып үлгерген. Сондай-ақ бір бөтелке шотланд вискиін қолды қылған, –  дейді департаментте.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.