Ақсуда бірқатар қоғамдық көлік уақытша бағытын өзгертеді

Ақсуда бірқатар қоғамдық көлік уақытша бағытын өзгертеді
Фото: Константин Шелков

Жүгіру фестиваліне байланысты кейбір жолдар жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Ақсу қаласының әкімдігінің мәліметінше, 9 қыркүйек күні сағат 15:30-нан 21:00-ге дейін «ERG Run Fest» атты жүгіру фестивалі ұйымдастырылады. Жоспар бойынша спортшылар 3, 5, 10 және 21 километр қашықтықта жүгіреді. 

Осыған байланысты  № 3, 5, 6 автобустары – «ТЖ вокзалы» аялдамасынан Строителей, Дөнентаев, Қамзин көшелері бойынша және одан әрі АФЗ және ЕЭК-ке дейін маршруттар бойынша жүретін болады. 

Сондай-ақ, № 2, 4, 10 автобустары– «ТЖ вокзалы» аялдамасынан Строителей, Дөнентаев, Қамзин, Желтоқсан, Набережная, Пушкин, Б. Момышұлы, Әуезов, Желтоқсан, Қамзин көшелері бойынша және одан әрі АФЗ және ЕЭК-ке дейін жүретін болады. 

Төменгі көрсетілген маршруттар схемасына сәйкес жолаушылар тасымалдауын жүзеге асырылады: