Павлодарда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Еріктілер оны тәулік бойы іздестірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Ер адам 26 шілде күні Жаңа қала ауылындағы Комсомольская көшесі, 18/2 мекенжайындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.
30 шілде күні «Vita» іздеу жасағы іздестіру жұмыстарын бастаған. 31 шілдеде ер адамның денесі табылды.