Павлодарда бірқатар тұрғын үй жарықсыз отыр

Павлодарда бірқатар тұрғын үй жарықсыз отыр
Фото: Константин Шелков

Оған авариялық өшіру себепші болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Правобережная» қосалқы станциядағы авариялық өшіру орын алды. Оның салдарынан Ак.Шөкин, М.Жүсіп, Астана, М.Горький, Амангелді, Кубанская мекенжайында электр қуаты өшті. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде. Қалалық ПЭС қызметкерлері тұтынушыларды басқа қосалқы станциялардан қайта қосу бойынша жедел жұмыстарды атқаруда.

Айта кетейік, Усолка шағын ауданының тұрғындарына электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.