Демалыс күндері трассада қалып қойған павлодарлықтарды пойызбен тасымалдады
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 13-14 қаңтарда бес жүзден астам жолаушы эвакуацияланды. Бұл күндері Астана - Павлодар, Есіл - Атбасар және Көкшетау - Астана учаскелеріндегі автомобиль жолдарына шектеулер енгізілді.
Осыған байланысты жолаушылар келесі пойыздармен тасымалданды:
- «Павлодар-Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша №7501;
- «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Көкшетау» бағыты бойынша №7507/7508;
- «Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау» бағыты бойынша №6829/6830;
- «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атбасар» бағыты бойынша №6803/6804;
- «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар» бағыты бойынша №7502;
- «Нұр-Сұлтан-1-Ерейментау» бағыты бойынша №6832.
Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.