Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Ак. Шөкин көшесі, 82/1, 89/2;
- Абай көшесі, 273;
- М. Жүсіп – М. Горький – Б. Жырау – Ак. Шөкин көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Гоголь көшесі, 223-267-үйлер.