Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерде жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Жамбыл көшесі, 1/1 («Фокус» дәмханасы), 2 (Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы), 4 («KazFasad» фирмасы), 6 (Облыстық балаларды оңалту орталығы);
- Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 2/1 («AQ» СОО);
- Рылеев көшесі, 19 («Ұлытау» дүкені), 21, 23;
- Теплов көшесі, 38;
- Жамбыл – Амангелді – К. Кенжетаев – Теплов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.