Павлодарда өзі шекер, сөзі бал ару қыздар іріктеледі

Павлодарда өзі шекер, сөзі бал ару қыздар іріктеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мыңдаған жанның жүрегін жаулаған «Ертіс аруы» байқауы қайта оралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы орталығы ай десе аузы, күн десе көзі бар, өзі шекер, сөзі бал ару қыздарға кастинг жариялайды.

Байқауға 16-25 жас аралығындағы бойы 164 сантиметрден кем емес, қазақ тілін жетік меңгерген және тұрмыс құрмаған арулар қатыса алады. 

«Ертіс аруы-2025» байқауының жеңімпазы болып, Павлодар облысының жаңа жұлдызы атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Байқау жайлы толық ақпарат алып, кастингке жазылу үшін +7 771 699 4692 телефон нөміріне хабарласуға болады.