Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуірде Сұрағанов көшесі бойында  ВАЗ-21093 маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол – көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.