Павлодардағы жоғары оқу орындарының бірінеде түлектер қауымдастығын құрылды

Павлодардағы жоғары оқу орындарының бірінеде түлектер қауымдастығын құрылды
ЖИ иллюстрациясы

Әр жылдары оқу бітірген түлектер алғашқы слетке жиналуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Инновациялық Еуразия университетінде оқу орнының 35 жылдығын мерекелеу аясында түлектер қауымдастығының алғашқы слеті өтті. Іс-шараға әр жылдардағы түлектер, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, бизнес және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Қатысушылар үшін іскерлік және мәдени бағдарлама, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және жаңа байланыстар орнатуға арналған алаңдар ұйымдастырылды.

Слет барысында танымал түлектер мен университет оқытушылары өздерінің кәсіби жолдары туралы айтып, ИнЕУ-дің мансаптық қалыптасуындағы рөлін атап өтті. Олардың айтуынша, жоғары оқу орнында алған білім мен дағдылар түрлі саладағы жетістіктерге берік негіз болған.

ИнЕУ ректоры Шыңғыс Мәкенов түлектердің әр буыны арасындағы байланысты нығайтудың және біртұтас университеттік қауымдастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

– Түлектер қауымдастығы университеттің дамуына ғана емес, қоғам мен өңірдің өркендеуіне де елеулі үлес қоса алады. Мұндай кездесулер дәстүр сабақтастығын сақтауға және әр жылдардағы түлектер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, – деді ректор.

Алдағы уақытта қауымдастық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тәжірибе алмасуға, студенттер мен жас мамандарға қолдау көрсетуге арналған алаңға айналмақ.