Павлодарлық көшеде ГАЗель аударылды

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамызда жүргізуші ВАЗ-2121 автокөлігін басқарып, Иса Байзақов көшесімен келе жатып, жол бермей ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан. Соңғы көлік соққыдан аударылып қалды.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіледі.