Павлодардағы қазақ театрының еңбегі республикада бағаланды

Павлодардағы қазақ театрының еңбегі республикада бағаланды
Фото: Есенжол Исабек

Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» қойылымы театрға бір миллион әкелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры Петропавл қаласында өткен жеті күндік республикалық фестиваліне қатысты. 

Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының  XXIX республикалық фестивалiнде павлодарлық театры Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» спектаклімен қатысып «Үздік режиссер» номианциясында жеңіске жетті. Театр ұжымына 1 миллион 500 мың теңге табысталды.