Павлодарлық өнерлі балалар мен жасөспірімдер бақ сынады
«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, фестивалі екі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оның біріншісі облыс мектептерінің оқушылары үшін – «Жас өркен» балалар шығармашылығы фестивалі болса, екінші бағытта облыс колледждерінің студенттері «Өрен» студент жастардың шығармашылық фестивалінде сынға түсті.
- «Жас өркен» балалар шығармашылығы 6 бағыт бойынша өткізілсе, «Өрен» жастар шығармашылығы 3 бағыт бойынша өтеді. Мұнда «Open Mic» Stand Up байқауы, «Прогрессив - FOLK» байқауы және «Пабликино» әлеуметтік роликтер байқауы, - делінген хабарламада.
Бүгін облыс колледждерінің студенттеріне арналған фестивальдің екінші бағыты «Прогрессив - FOLK» байқауы өтті. Қатысушылар кез-келген музыкалық аспапта бір музыкалық шығарманы орындады. Байқауға 24 шығарма ұсынылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігі, көркемдік, қолды дұрыс қою, сахналық бейнесі, орындау мәнерлігі сыңды бағалау өлшемдері бойынша өз бағаларын берді.
Қазылардың шешімі бойынша «Павлодар техникалық сервис колледжінің» студенттері Засько Дмитрий мен Ножкин Дмитрий жүлделі бірінші орынға ие болды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.