Павлодардың бас сахнасында Шәкен Аймановтың фильмдерінің саундтректері орындалады

Павлодардың бас сахнасында Шәкен Аймановтың фильмдерінің саундтректері орындалады
Фото: laminarts.ru

Биыл театр және кино режиссерінің 110 жылдығы тойлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусым күні сағат 19:00-де симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Аталмыш іс-шарада Шәкен Аймановтың фильмдеріндегі музыка мен әндер шырқалады.

Шәкен Айманов 1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Ол – Кеңестік социалистік республикалар одағы және Қазақ кеңестік социалистік республикасының халық әртісі, қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Шәкен Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Николай Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды.