Жамбыл атындағы филармония Павлодар облысына гастрольдік сапармен келеді

Жамбыл атындағы филармония Павлодар облысына гастрольдік сапармен келеді
Фото: keywestvideo.com

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі Ертіс өңірінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

25-28 маусым аралығында Павлодар облысына жоспарланған гастрольдік сапар аясында оркестр өнерпаздары Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларында қонақ болмақ. 

Талғамы биік тыңдарман үшін бағдарламасы арнайы дайындалған «ҚАЗАҚСТАН САМАЛЫ» концерті: 

25 маусым күні сағат 20:00-де Павлодар қаласындағы «Ertis Рromenade» сахнасында;

27 маусым күні сағат 19:00-де Екібастұз қаласындағы «Өнер» қалалық мәдениет сарайының концерттік залында;

28 маусым күні сағат 19:00-де Ақсу қаласындағы С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында өтеді.

Көркемдік жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қанат Ахметов.

Дирижерлер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Александр Беляков, Жанат Абылқасымов.

Солистер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Благодарный, Халықаралық байқаулардың лауреаты Береке Еңкебаева.